Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында елдегі монқалалардың халқының азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.
«Біз моноқалалардың түгелге жуығында көші-қонның теріс сальдосы бар екенін көріп отырмыз. Соңғы 20 жылда ондағы тұрғындардың саны екі еседен астам азайып кетті. Мұның басты себептері жұмыс орындарының тапшылығы, жалақының аздығы және тұрмыс сапасының төмендігі болып отыр», — деді ол.
Оның пайымдауынша, тәуелсіздік жылдарында моноқалаларды дамытуға бағытталған бірқатар бағдарлама қабылданғанымен, нәтижесі болмаған.
«Жағдай өзгерген жоқ. Былтыр Алтай, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Риддер, Степногорск қалаларын кешенді дамыту жоспарлары қабылданды. Жоспарланған іс-шаралардың 13%-ының орындалмай қалғанын айта кету керек. Оның негізгі себептері – әкімдіктердің тарапынан қаржыландырудың жеткіліксіздігі әрі сапасыз жоспарлау. Демек, жұмыс тәсілдерін өзгерту керек. 20 моноқалада қазір 1,3 миллионнан астам адам тұрады. Бұл – әжептәуір көрсеткіш. Әлеует жеткілікті. Пәрменді іс-қимылдар қажет», — деді Олжас Бектенов.
Фото: astanatv.kz
ПІКІР ЖАЗУ