20 қыздан іріктеліп шықты: «Әлем аруы» байқауында ел намысын кімнің қорғайтыны белгілі болды (ФОТО)

Фото: instagram.com/missqazaqstan.official

«Мисс Қазақстан-2024» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы болған 20 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны Бағым Балтабаева енді елімізді «Әлем аруы» байқауында таныстыратын болады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Orda.kz сайтына сілтеп.

Алматы қаласында 5 желтоқсан күні «Қазақстан аруы» байқауы өтті. Финалға 20 қыз шығып, соның ішінен Бағым Балтабаева «Әлем аруы» байқауына жолдама алды. Бұл туралы «Мисс Қазақстан» instagram парақшасы мәлімдеді.

 

Фото: Бағым Балтабаеваның Instagram парақшасынан

Ал «Вице Мисс Қазақстан-2024» титулын 22 жастағы Айдана Әбілқасова иеленді. Сондай-ақ, халықаралық аренада елімізді 22 жастағы Томирис Қадырхан, 20 жастағы Дана Алмасова сынды арулар да таныстыратын болады.

Сонымен қатар байқауда елдегі көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде Қазақстандағы Miss People’s Choice номинациясында 19 жастағы Іңкәр Бақтияр жеңіске жетті.

Биылғы байқаудың тақырыбы — The Art of Being a Woman («Әйел болудың өнері») болды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)