Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев өз сұхбатында спорт саласының көлеңкелі тұстары туралы жайып салды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Спортшының сұхбатынан үзінді Instagram әлеуметтік желісінде тарады.
«Түнгі сағат екіде хабарласты. Бақтияр сен соны таниды екенсің, араласады екенсің, жұмыстан орныңды босат деді. Кешегі Олимпиададағы нәтижені көрдіңдер, бірде-бір алтын жоқ. Мен болсам әлем біріншілігінде топ жарды, екі алтын әкелдім. Сонда 180 000 теңге төлеп отырғандарыңды артық көріп отырсыңдар ма дедім де ашуланып арызымды қағазға жазып, суретке түсіріп жібердім», — деп айтты спортшы.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру