Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары бірнеше рейд өткізіп, белгісіз адамдар радиоактивті металл сынықтарын ұрлап жатқанын анықтады.
КСРО кезiнде Қошқар ата қалдықтар қоймасының ауданында уранды қайта өңдейтiн кәсiпорындар жұмыс iстедi, ал қалдықтар — радиоактивтi металл сынықтары — полигонға тасылды.
Қазір белгісіз адамдар осы полигонды ұрлап, өртей бастады.
«Күндіз белгісіз адамдар арнайы техниканың көмегімен қауіпті радиоактивті металл сынықтарын қазып жатыр», — деп хабарлады өңірлік экология департаменті.
ПІКІР ЖАЗУ