5000 қазақстандық су тасқынына байланысты несиені кейінге қалдыруға өтініш берді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Банктер мен микроқаржы ұйымдары су тасқынынан зардап шеккендерге кредиттер бойынша төлемдерді үш айға — 1 сәуірден 30 маусымға дейін кейінге қалдыруды қарайды. Бұл кезеңде айыппұлдар мен өсімдер есептелмейді.
«Әкімдіктер 5000-нан астам адамнан және 110-нан астам бизнес субъектілерінен тұратын тізімді жасады», — делінген хабарламада.
Үкіметте сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен 11 мыңнан астам отбасыға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем төленгенін атап өтті. Зардап шеккен өңірлердің тұрғындары да әлеуметтік төлемдерді белгіленген мерзімнен бұрын алды. Мұндай режим 1 қыркүйекке дейін сақталады.
«Эвакуациялық орталықтарда болған 4000-нан астам бала балалар сауықтыру лагерлеріне, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, НЗМ және БИЛ сияқты мектеп интернаттарына ауыстырылды. 4000-нан астам орынға қосымша резерв дайындалды «, — делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ