Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елдегі жол сапасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Тілшілер одан «Семей жолының бәрі неге тар қылып салынған» деп сұарады.
«Желінеді ақшасының бәрі. Жоспарларында көрсетіледі соммасы, соның барлығын қадағалау, жөндеу… Бір мысалмен айтса болады, Өткенде Атырау облысында опырылып кеткен жаңадан жасалған жолдың салдарынан қаншама көлік зардап тартты. Алматы мен Астананың тас жолында күніне қаншама адам өліп жатыр, негізгі себеп – жолдың бітпеуі, тар жерлері. Көбі озуға шығады, өйткені жүк көліктері көп», – деп жауап берді депутат.
Сондай-ақ депутат сапасыз жолдар мәселесіне кімдер жауапты екенін айтты
«Жұмсалған қаржыны ең бірінші – аудиторлық палата тексереді.(…) Бұл жайттарға негізгі, тікелей кінәлі адамдар жауап бермейінше, бұл тоқтамайтын процесс. Он жыл бойы осы сұрақтар, үнемі стандартты «қарастырамыз» деген бір жауап аламыз. Министрдің жауабы 100% жемқорлық», – деді депутат.
ПІКІР ЖАЗУ