ҚР Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев бүгін Мәжіліс отырысында Қазақстанда жаңа туған балаларды сату туралы айтты.
ІІМ басшысының орынбасары Марат Қожаев Қазақстанда өткен жылы адам саудасы бойынша 19 дерек тіркелгенін хабарлады.
«Істің басым бөлігі аяқталды. Жаңа туған нәрестелерді сатқаны үшін 16-17 адам жауапқа тартылды. Биыл бізде жаңа туған нәрестелерді сату бойынша үш факт тіркелді.
Осы фактілердің барлығы біздің еліміздің ішінде орын алды. Онда бір балаға 100 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін ауытқиды «, — деп толықтырды ол.
ПІКІР ЖАЗУ