«Қызымды сонда кім ұрды?»: Асхат Садырбайдың бұрынғы енесі журналистің сөзін жоққа шығарды

Фото: ашық дереккөз

Журналист Асхат Садырбайдың экс енесі халыққа болған жағдайдың ақ қарасын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Желі қолданушысы экс күйеу баласының сөздері шындыққа жанаспайтынын алға тартады.

“Мен – Айғанымның анасымын. Асхаттың сұхбатын көрдім. Оның бір сөзі де шындыққа келмейді. Біз екеуінің қосылуына қарсы болғанымыз рас. Асхаттың өткен өміріне байланысты еді. Ата-анаңның алдынан өтейін деп келгенде бірінші рет сол кезде көрдік. Сол кезде “Үлкен қызды ал” деп қай ата-ана айтады? Қыз ауыстырып қоятын зат емес қой. Бұл – Асхаттың құйтырқы әрекеті. Халықтың миымен ойнап отыр. Оның әрекеті адамды ашуландыруға апарады. Асхаттың қаны да, жаны да осылай жаратылған. Ол біз үшін бала. Онымен айтысып, тартыспаймыз. Тіпті сондай жағдай болса да, бәлеге қаласың. Ол өз сөзіңді өзіңе қарсы қолданады. Асхат иман жолында жүрген бала емес пе?! Сұхбатта соның бәрін жиыстырып қойған. Қызымның көзінен ұрмадым дейді. Сонда кім ұрды?! Анаң ба?! Ендеше ұрған адамды сотқа бермедің бе?! Екі күн қызды ұстап, сотталып кетемін деп қорқып отырдың. Осындай жасқа келіп, өтірік өмір сүріп жүрсің”, – деп жазды Айғанымның анасы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Колумбус с 12 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…