Қытайлық DeepSeek бір күнде ChatGPT-ді басып озды. Жаңа сервистің артықшылығы неде?

Қосымша App Store-да бірінші орынға шығып NVIDIA акциялары құлдырай бастады.

ChatGPT екі жыл бойы қолжетімсіз болды. Көптеген компаниялар өздерінің генеративті нұсқаларын ұсынды, бірақ олардың барлығы жақсы нәтижеге жете алмады.

DeepSeek V3 пен оның бәсекелестерінің тест нәтижесі (Фото: github.com)

Қытайлық DeepSeek компаниясы осы атаумен өзінің чат-ботын шығарды. Қосымша барлығына тегін және шектеусіз жұмыс істейді. Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа сервис барлығымыз үйренген ChatGPT-ден әлдеқайда жақсы және техникалық қызмет көрсету құны арзан. 20 қаңтарда DeepSeek OpenAI-дің GPT-o1 сияқты ойлау қабілетін меңгерген жаңа R1 тілдік моделін ұсынды. Осы сәттен бастап, ол бірден танылып, қазіргі уақытта, АҚШ-тағы және басқа да көптеген елдердегі ең көп жүктелген қолданбаға айналды. Салдарынан NVIDIA капитализациясы шамамен 400 миллиард долларға қысқарды.

Интернет DeepSeek-ті қалай қабылдады?

Фото: iphones.ru

DeepSeek-ті қолданып көргендер, әсіресе оның тегін екенін ескере отыра жасанды интеллекттің жұмысына көңілдері толатын жеткізіп жатыр. Бірақ DeepSeek-те минималды цензура бар екен. Мысалы, пайдаланушылар Қытай үкіметіне қатысты қойылған күрделі сұраққа ЖИ жауап жазып жатқанда фильтр іске қосылып, жауапты өшіріп тастайды. Дегенмен, бұл ерекшелік барлық қытайлық жасанды интеллекттерде бар нәрсе. Басқа жұмыста DeepSeek өз міндеттерін орындауда ChatGPT-тен асып түспесе кем түспейді. Өкінішке орай, қазақ тілін білмейді, бірақ орыс тілін жетік меңгерген бұл қазіргі шетелдік жасанды интеллект үшін сирек кездеседі.

Бірақ DeepSeek жай ғана хайп деп есептейтін скептиктер де жеткілікті. Шынымен де солай ма, жоқ па оны уақыт көрсетеді.

DeepSeek-тің OpenAI-ден артықшылығы неде?

DeepSeek тіл моделі Chat GPT-дан кем емес, тіпті кей тұстарда артық екенін айттық. Енді компанияның назарын аударған тағы бірнеше факторларды атап өтсек.

DeepSeek-ті әзірлеу ChatGPT-ке қарағанда әлдеқайда арзан. DeepSeek-ке V3 тіл үлгісін оқыту 5,58 миллион долларды құрады. Ол үшін 2048 Nvidia H800 чипі қажет болды (қазіргі уақытта, жаңа үлгідегі чип емес). Есесіне бұл кәсіпорында 200-ден аз адам жұмыс істейді. Ал OpenAI-де 4500 адам жұмыс істейді. GPT-4 оқытуға 100 миллион доллар жұмсалды, қанша процессор пайдаланылғаны белгісіз. The New York Times әлемнің жетекші компаниялары AI үйрету үшін құрамында 16 000 Nvidia чипі бар суперкомпьютерлерді қолданатынын атап өтті.

DeepSeek екінші басты артықшылығы — тиімділік. Оның жұмысы аз ресурстарды қажет етеді, сондықтан арзанырақ. 1 миллион OpenAI GPT-4o токендері 2,5 доллар тұрады. Ал DeepSeek R1 осынша көлемдегі токені 17 есе арзан болады ($0,14). Онымен қоса, DeepSeek R1 GPT-4o-ға қарағанда жетілдірілген модель болып табылады.

DeepSeek табысы — Nvidia үшін үлкен соққы

Nvidia бас директоры Дженсен Хуанг Лас-Вегастағы CES 2025 көрмесінде акцияларының құлдырауы жөнінде сөз сөйлеген сәті (Фото: Bloomberg)

27 қаңтарда DeepSeek АҚШ-тың App Store дүкенінде бірінші орынға шыққанда, Nvidia акциялары 15%-ға төмендеді.

Nvidia — ЖИ жарысындағы жеңімпаз, өйткені оқыту үшін дәл осы компанияның чиптері пайдаланылады. Nvidia-ның ең қымбат ЖИ процессорларының құны 40 000 долларды құрайды және компанияның сатылымы көбіне осыған байланысты.

Жасанды интеллект танымал болған сайын, компаниялар ресурстарды оңтайландырудан гөрі көбірек чиптерді сатып алған дұрыс деген ұстанымда болды. Ал DeepSeek сапалы ЖИ-ті аз чиппен де жасауға болатынын дәлелдеуді.

Егер басқа компаниялар жасанды интеллекттің қуат тұтынуын азайтуға көбірек көңіл бөле бастаса, бұл Nvidia үшін үлкен мәселе тудыруы мүмкін.

Әрине, ол бір түнде чиптерді 40 000 долларға сатуды тоқтатпайды. Себебі, олар әлі де қажет болады. Бірақ болашақта оларға сұраныс азаюы мүмкін. Бұл Nvidia-ның қаржылық көрсеткіштерін төмендетеді.

DeepSeek қалай жұмыс істейді?

DeepSeek мобильді қосымшасының интерфейсі (Фото: deepseek.com)

DeepSeek  ChatGPT-дің қысқартылған нұсқасына ұқсайды. Чат-бот интерфейстері бір-біріне ұқсас, бірақ ChatGPT қосымша параметрлері бар. Дегенмен бұл таңқаларлықтай маңызды артықшылық емес.

DeepSeek — бұл толығымен тегін жасанды интеллект. Әзірге ақылы опциялары мүлдем жоқ. Сонымен қатар, жаңа сервис сұраққа ChatGPT 4o қарағанда өте жылдам жауап береді. Ал жауап сапасы ChatGPT жауаптарынан кем емес.

Біздің тілшілер DeepSeek-ті іздеу жүйесі ретінде, құттықтау жасау, мәтінді тексеру үшін қолданып көрді. Ол тапсырмалардың барлығын тамаша орындады. Сонымен қатар,  X жүйесінде DeepSeek кодтауды, қарапайым ойындарды құруды және күрделі математикалық есептерді шешуді көрсететін қызмет бар.

Одан бөлек, DeepSeek көмегімен сайттарда сіздің орныңызға жұмыс істейтін OpenAI Operator-ның аналогын  яғни ЖИ агентін жасайтын нұсқаулық та бар. Оператор айына $200 тұрады, ал DeepSeek көмегімен сіз оны өзіңіз тегін, кодты білмей-ақ жасай аласыз. Жасанды интеллект оны өзі жасайды.

Қысқаша қорытынды

DeepSeek ChatGPT-ден әлдеқайда жақсы әрі табысты аналогты құрастыра алды. Ең бастысы онда барлығы тегін және айтарлықтай ресурстарды талап етпейді. Бұл факт барлық ЖИ әзірлеушілері үшін және Nvidia үшін үлкен мәселе болып есептеледі.Өйткені DeepSeek жасанды интеллекті құрастыруда ескі көзқарасты өзгертіп, үлкен ресурстарға деген қажеттілікті кемітіп тастады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Дейтон с 13 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Хирург назвал злейшего врага холестерина и бляшек в сосудах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!