Қайырымдылық па әлде жасырылған кәсіп көзі ме

Фото: ontustiktv.kz

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры қоғам сынының астында қалды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2022 жылғы қаңтардағы драмалық оқиғаларға жауап ретінде құрылған дейді журналист Гүлбану Әбенова. Президент Тоқаев ұсынған қордың негізгі позициясы мемлекеттік қолдауға ие бола алмағандарға көмектесу еді. Алайда қордың үш жылдық жұмысы бүгінде көптеген сұрақтарды туындатып отыр. Әсіресе, мемлекеттік көздерден түсіп отырған қаражат қайда кетіп жатыр? 

2024 жылдың желтоқсан айындағы деректер бойынша, қор 251,6 млрд теңге жинаған. Ең көп ақша 2022 жылы аударылды131,7 млрд теңге. Тек қаңтар айында олар 2023-2024 жылдардағыдай109,7 млрд теңге жинаған.

Бұл қаражат инфрақұрылым, денсаулық және білім саласын дамытуға бағытталуы керек еді, алайда іс жүзінде қордың игілігінде қала берді.

Бұл ретте қайырымдылық қорларына деген сенімді мүлде жойған Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайраттың ісін де айта кеткен жөн. 2024 жылдың қарашасында ұсталған ол су тасқынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Халық оның ниетіне сеніп, ақшаларын аударған. Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері тергеу мәліметтерін жария етіп, қаншама жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, зергерлік бұйымдар мен қымбат заттардың тізімдерін көрсеткен соң, халықтың үміті сөнді.

Жанжалды COURSERA жобасы

Қордың ең күдікті шығындарының бірі Coursera білім беру платформасының курстарын қазақ тіліне аудару жобасы болды. Бұл игі іске 853,5 млн теңге жұмсалған. Қайырымдылық стандарттары бойынша да өте қомақты сома. Жобаның мақсаты — 25 өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне ана тіліндегі Coursera курстарының арқасында өз дағдыларын жетілдіруге көмектесу.

Алайда логикалық сұрақ туындайды. Неге аталмыш жоба ғылым және білім министрлігінің бюджетінен емес, қайырымдылық қаражаты есебінен жүзеге асып отыр?

Қордың ақшасы BMG UpSkills компаниясына кеткен. Ал аталмыш компания бірнеше жылдан бері бұл курстарды елдің жоғары оқу орындарына сатып келеді. Жобаны ғылым министрі Саясат Нұрбек жеке өзі қорғаған. Тіпті ол пайдалану және коммерциялық пайда алу құқығын досы Рауан Кенжеханұлына берген. Әрине, бұл айла журналистердің қызығушылығын тудырып, түрлі зерттеулердің нысанына айналды, Дегенмен екі тарап та әлі күнге дейін қоғамдық сынға жауап берген жоқ.

«Қазақстан халқына» қорының қызметі қайырымдылықтың ашық әрі есепті болатынына күмән келтіріп отыр. Сондықтан қайырымдылық қорларының лоббизм мен сыбайлас жемқорлық құралына айналуын болдырмау үшін шығындарды қатаң бақылау және нақты аудиторлық бағалау қажет»,– деп пікір білдірді журналист.

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Эндокринолог: «Диабетикам можно есть сладкое! Оказалось, сахар…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Вашингтон с 15 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…