Журналист Ермұхамед Мәулен DOPE SOZ YouTube арнасына берген подкастында Сауд Арабияда екінің бірі ақша тігетінін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оның айтуынша, Ақша тігу харам болса да, арабтар ақшаны көп тігеді. Сол ақша спорттың дамуына кетеді.
Маған кейбіреуі айтады «ақша тіккен харам ғой» деп. Ол Ислам дінінде харам, әңгімесі жоқ. Біз Ислам, Иран Республикасында тұрамыз ба? Онда харам болсын, әңгімесі жоқ, бәріміз намаз оқиық, хиджаб тағайық. Мен осы Сауд Арабияға барған кезде, осы тақырыпқа сөйлестік. «Скачки» дейді ғой, түйе шаптырады ғой, соған олар ақша тігеді екен де, оларда енді харам ғой, бірақ екі арабтың бірі ақша тігеді, мен саған айтайын. Сосын жайлап намаз оқиды да, кете береді. Солар Сингапур, Малайзияның сайттарына кіреді ғой, солар бәйгені береді. Сол арабтар бәс тіккен кезде, араб олигархтар миллиондап тігіп, ұтылғанда, Сингапур мен Малайзияның бюджетіне кетіп жатыр сол ақша. Сонда олар ойланады да «Онда өзіміз букмекерлік кеңес ашайық, ішіне түйі бәйгесін қосамыз. Ұтылған ақша өз мемлекетіміздің ішінде қалады, сол ақшаны спортты дамытуға кетеді. Қандай күшті! Бай адамдар келіп ойнайды, ұтылады, соның ақшасын спорттың дамуына бөлеміз» дейді, деп айтты журналист.
@dopesoz♬ mirage — théos & Antent
ПІКІР ЖАЗУ