Әлеуметтік желідегі арбаушылар: жасырын жоспарлар мен қауіпті амалдар

Индустриальная Караганда

Қазіргі цифрлық дәуірде жастар деструктивті діни ағымдардың назарында жиі болады. Олар интернет пен әлеуметтік желілерді өздерінің шынайы ниеттерін жасыру үшін пайдаланады. Vecher.kz сайтының мәліметінше, мұндай топтар қолдау мен қамқорлық көрсеткендей әсер қалдырады, алайда шын мәнінде жастардың эмоциясы мен санасына әсер етіп, оларды басқаруға тырысады. Әсіресе, ішкі жанжал мен психологиялық күйзелісті бастан өткеріп жүрген жастар үлкен қауіп тобында ,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Сарапшылардың пікірінше, радикалды идеологияның ықпалына ең алдымен 16-29 жас аралығындағы жастар түседі. Бұл кезеңде олар интернет арқылы таралатын теріс әсерлерге аса сезімтал келеді. Вербовщиктер жәбірленушілердің санасын шебер манипуляциялап, оларды өздеріне тәуелді етудің түрлі амалдарын қолданады.

Белгілі психолог Лола Шакимованың айтуынша, вербовщиктер жиі мейірімділік танытып, қолдау көрсететіндей көрінеді. Бірақ олардың негізгі мақсаты – адамдардың сеніміне кіріп, өз мүдделеріне пайдалану, тіпті оларды заңсыз әрекеттерге итермелеу.

Осындай қауіптің алдын алу үшін сарапшылар келесі кеңестерді ұсынады:

• Сыни ойлауды дамыту;

• Төзімділік пен толеранттылықты қалыптастыру;

• Мәселелерді өз бетінше шешуге үйрену;

• Өз ұстанымын қорғай білу және “жоқ” деп айта алу;

• Интернетте күмәнді байланыстардан аулақ болу.

Деструктивті діни ағымның ықпалына түскен адам толық бақылауға алынады. Оның ақпарат алу мүмкіндігі шектеледі, қатаң тыйымдар қойылады, ал өмір салты мен мінез-құлқы топтың талаптарына сәйкес реттеледі. Егер жақын адамыңыз осындай өзгерістерге ұшыраса, оның радикалды идеологияның ықпалына түсуі мүмкін.

Сарапшылар бейтаныс адамдардың, әсіресе интернет арқылы көрсететін моральдық, психологиялық немесе қаржылық көмегіне сақтықпен қарауға шақырады. Мұндай “қолдаудың” артында қауіпті мақсаттар жасырылуы мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты көп жарияламау ұсынылады, себебі бұл да вербовщиктердің назарын аудартуы мүмкін.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)