Әлемге өз өнерімен танылған Тарканның анасы, Неше Теветоғлу, сәуір айының ортасында өмірден озды. Белгілі түрік әншісінің анасы Анталья қаласындағы ауруханада жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Анасының қайтыс болғаны туралы Таркан алғаш рет әлеуметтік желі арқылы хабарлап, жүрекжарды қоштасу хатын бөлісті:
«Анадан айырылу — жан дүниеңді өртеген жалын секілді. Бұл отты сөндіру оңай емес. Осындай ауыр сәттерде жанымда болған барлық жандарға шын жүректен алғыс айтамын. Тыңдармандарыма, отбасым мен достарыма қолдау көрсеткендері үшін ерекше ризамын», — деп жазды әнші.
Таркан, сондай-ақ, ең қиын сәттерде жанынан табылған жары Пынарға да алғысын білдірді:
«Бұл ауыр кезеңде әрдайым қолдау көрсеткенің үшін саған ризамын. Қызымыздың жарқын күлкісі жүрегімдегі қайғыны жеңілдетуге көмектеседі. Сендердің барыңа мың алғыс», — деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру