«Күлкі базар» театрының басшысы, актер әрі асаба Ғалымжан Қалыбаев «Жағың сынса да, сағың сынбасын» подкастында әйел денсаулығына алкогольдің қалай әсер ететініні туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
«Арақ ішкен еркектің бойынан 40 күнде спирт шығып кетеді. Ал әйелдің бойынан мәңгілік шықпайды. Өйткені еркек топырақтан жаралған болса, әйел еттен, сүйектен жаралған», — дейді ол екіұшты ой айтып.
Актер тіпті қисынсыз эксперимент жасалғанын келтірген.
«Ғалымдар бұл әдісті зерттеді. Бір ыдысқа топырақ салады, екінші ыдысқа ет салып, үстіне арақ құйып, бетін жауып қояды. Бір аптадан кейін ашса ет салынған жақ шіріп жарамсыз болып қалған, ал топырақта суы сіңіп, спирті ұшып кеткен. Еттен, сүйектен жаралған әйел ғой, олардың денесінен кетпейді. Әйел 100 грамм ішті ме? Ол әйелді сен алдың ба? Сол ішімдік қыздың денесінен кетпей, зардабы сенің балаларыңнан шығып отырады, — деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру