Әзербайжан билігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында құлаған ұшақтан «Панцирь-С» зымыранының фрагментін тапқанын хабарлады. Бұл туралы Reuters үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасап жазды.
Алдын ала есепте ұшақ фюзеляжында тесіп өткен және өтпеген зақымдар бары анықталған. Мамандар бұл жарақаттардың сыртқы объектілердің соққысы салдарынан пайда болғанын айтады.
Дегенмен есепте «Панцирь-С» зымыран кешені немесе әуе қорғаныс жүйелері туралы нақты мәліметтер жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ