Әулеттің алғашқы қызы: Боксшы Айбек Оралбай екінші рет әке атанды

Фото: TikTok

Бокстан Ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай әке атанды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл туралы боксшысының жары әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Айбекқызы, 24.02.2025», — деді Аружан Жолдас.

Айта кетейік, боксшының Хамза есімді ұлы бар.

Ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай 2024 жылы бокстан Азия чемпионы атанған болатын. Ал оның егізі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері.