Жаңалықтар

Әскерилерге баспана автоматты түрде берілмек

Қазақстанда әскери қызметшілерге қызметтік баспана алу үдерісі енді барынша жеңілдейді. Қорғаныс министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп іске қосқан жаңа пилоттық жоба аясында, әскери қызметкерлер мен азаматтық персоналға баспана автоматты түрде ұсынылады. Бұл жүйе қағазбастылықты азайтып, уақытты үнемдеуді көздейді, деп жазады Ozgeris.info.

Енді қызметтік үйге мұқтаж әскери азаматтар өтініш жазып, кезек күтіп жүрмейді. Жаңа форматта жұмыс істейтін ақпараттық жүйе мұқтаждарды өзі анықтап, олардың тіркеуге алынған күні мен уақытына қарай баспана ұсынады. Тіпті ұсынылатын үйдің шаршы метрі де әскери қызметкердің отбасылық жағдайына сай есептеледі. Баспана ұсынылғаны туралы хабарлама қызметкердің ұялы телефонына SMS түрінде келеді. Егер ұсыныс көңілден шықса, “келісемін” деп жауап беру жеткілікті. Ал тұрғын үйі барлар бұл ұсыныстан бас тарта алады. Пилоттық жоба әзірге 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады. Егер нәтижесі оң болса, бұл бастама тұрақты жүйеге айналуы мүмкін.  
Барлық жаңалық