«Әр қазағым жалғызым»: әнші Ұланғасыр Қамиев қазақ спортшысына ақшалай сыйлық жасады

Скриншот: instagram.com / usserbai_daulet

Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде жеңіс жеткен Дәулет Өсербайға әнші Ұланғасыр Қамиев 1 миллион теңге сыйлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде қазақстандық спортшы әрі актер Дәулет Өсербай Иран файтері Пахлаван Даудты қылқындыру әдісі арқылы жеңген болатын.

Жекпе-жек алдында эстрада әншісі Ұланғасыр Қамиев спортшы Дәулет Өсербайға қарсыласынан басым түссе, 1 миллион теңге беремін деп уәде еткен болатын. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Ұланғасыр Қамиев сөзінде тұрып, елдің көзінше ақшасын мобильді қосымша арқылы Дәулетке аударып берді.