Әнші Өмірқұл Айниязовтың отбасында қайғылы жағдай болды

Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

Қазақстандық танымал әнші Өмірқұл Айниязовтың әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Арал ауданы әкімдігі, аудандық мәслихаты, Қоғамдық кеңесі және аудандық ардагерлер кеңесі, Арал өңірінің тумасы, әнші Өмірқұл Айниязовтың әкесі Айнияз Өтеген Әлиұлының дүниеден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген Арал ауданының әкімдігінің хабарламасында.