Әнші Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанады

Халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев жақында тағы әке атанады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қуанышты хабарды әншінің әйелі Мархабат Бесбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», — деп жазды Мархабат Бесбаева.

Көпшілік қолдау білдіріп, ақ тілегін жарыса жазған.

«Қуаныштарың ұзағынан сүйіндірсін», «Аллам отбасыңызға амандық берсін. Ағамыз сиякты халыктың баласы болсын», «Мейрамбек аға берген бата, көкпарда көптің тілеуі қабыл болыпты ғой», деп жазды оқырмандар.