«Әкесі түрмеде»: Жетіқарада тірідей өртеніп кеткен бес баланың отбасына қатысты деректер айтылды

Қостанай облысында өрттен бес кішкентай бала қаза тапқан еді. Облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенова отбасының жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz.

Еске сала кетейік, өрт кезінде үйде бір жастан сегіз жас аралығындағы бес бала болған. Yй толығымен өртеніп кеткен.

Несібелі Бәсенованың айтуынша, балалар аз қамтылған отбасыда өскен. «Отбасы аз қамтылған және әлеуметтік қолдау алып келген. Олардың АӘК, жәрдемақы және алимент алғаны анықталды.

Мектеп жалпыға бірдей білім беру қорынан қолдау көрсетіп, балаларды тегін тамақтандырған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы достарының үйіне кеткен, ал әкелері түрмеде», – деді ол.