«Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған Сабина Мовлаева «Taboo» подкастына берген сұхбатында ата-анасының ажырасып кеткенін, кішкентай кезінде әкесінің жиі қол көтерітінін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Мен 10 жасқа толғанда ата-анам ажырасып кетті. Әкем мені өте көп ұратын. Оның түсінігінде қыз баланы ұрып тәрбиелеу керек екен. Кішкентай кезімде үйде дүкен болды. Сатып алушылар балмұздақ алса, маған да біреуін ұстатып кететін. Мен баламын ғой, қатты қуанып күлсем, әкем қолындағы затын жіберіп қалатын. Анам көріп тұрып аяйтын. Ақыры анам бөлек тұрамын деп шешім қабылдадыӘкем мені ұра бергесін, анам да шаршап кетті. «Бұл қыз ертең мынадай соққыдан құтылу үшін ертерек тұрмысқа шығып кетеді» деп айтты. Содан екеуі бөлек кетті», – деді желі жұлдызы.
Оның сөзінше, екі інісіне әкесі қол ұшын тигізбеген екен. Сонымен қатар ол ата-анасы ажырасқанда әкесінің дүние-мүлікті түгел алып қалғанын баяндады. Десе де блогер әкесін ешқашан жамандамағанын айтады.
«Олардың түгі жоқ, дымсыз қалды» деген әңгімені де естідік. Дәл қазіргі танымал болуымның себебі анамды көтеру болды. Еңсесінің түспегенін қаладым. Сол арманыма жеттім. Ақтөбеде жеке мейрамханамыз жұмыс істейді», – деді блогер.
ПІКІР ЖАЗУ