Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, кеше Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты «Сот сараптапалары орталығы» РМК басшысы Руслан Сатывалдеевті қамауға алуға санкция берді.
ГосАрхив арнасының мәліметінше, ол психотроптық және есірткі заттарына сараптама жүргізуге арналған жамдықтарды сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту мақсатында 4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген болатын.
Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл қаржының қомақты бөлігі шенеуніктер мен жеткізушілердің қалтасына түскен болуы мүмкін. Әзірге кемінде бөлінген соманың жартысы ұрланған деген күдік бар.
Сатывалдеевпен бірге бұл іске «Сот сараптамалары орталығы» РМК мемлекеттік сатып алулар департаментінің басшысы Дана Искадерова мен негізгі жабдық жеткізуші Айгүл Шинтемирова да ұсталды.
ПІКІР ЖАЗУ